Ментест – бұл әр адамның өз әлеуетін ашуына көмектесетін заманауи психологиялық құрал.
Біз сенеміз: әр адамда қайталанбас қабілеттер мен қасиеттер бар, ал оларды тану – өмірдегі ең маңызды қадамдардың бірі.
Ментест жобасы Қазақстанда дүниеге келді. Оның басты мақсаты – жастарға, ересектерге және кез келген адамға өз жолын дұрыс анықтауға қолдау көрсету.
Біз өзіміздің ісімізді тек кәсіби жоба деп емес, әлеуметтік миссия деп санаймыз. Қазақстандағы адамдарға – өздерін тануға, сенім арттыруға, мақсат қоюға көмектескіміз келеді.
Ментест – өзіңізді тануға және өзіңіздің ең жақсы нұсқаңызды құруға арналған алғашқы қадам.
Ментест методологиясының негізін қалаушы және авторы: Умирзаков Жасын Оркенович